Бішкекте Қырғызстан ІІМ-нің есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Қырғызстан ІІМ-нің есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары өлтірілді

Бішкекте Қырғызстан ІІМ-нің есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары өлтірілді

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте Қырғызстан ІІМ-нің есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары Анвар Алиев өлтірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше кешкі сағат 11 шамасында Бішкекте Сүйінбай көшесіндегі №127 үйдің жанында белгісіз біреу автұрақтан үйіне қарай бет алған А.Алиевке қаратып бірнеше мәрте оқ атқан.

Ауруханаға жатқызылған 38 жастағы А. Алиев жарақаттардан қайтыс болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, милиция полковнигін Макаров тапаншасынан атқан.

Тергеу бұл өлім есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасарының кәсіби қызметіне байланысты деген жорамал жасауда. Жуырда ғана басқарма Тәжікстанның есірткі барондарының елдің оңтүстігіндегі трафигіне тосқауыл қойған арнаулы операцияның бірінші кезеңін жүзеге асырып, 10 килограммнан астам жоғары сапалы героинді айналымнан шығарған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті