Іс-шараға соғыс және тыл ардагерлері — Қазақстан азаматтары мен Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
«Біз барлық соғыс және тыл ардагерлеріне, өз өмірлеріне қатерге тіге отырып, фашистерге қарсы соғысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз осы Жеңіс үшін өмірлерін қиғандарды әр кезде есте сақтайтын боламыз. Батырлардың даңқы мәңгі арта берсін», — деді шара барасында Қазақстан Елшілігінің кеңесші елшісі Ербол Ахметов.
Осыдан кейін ардагерлерге әскери патриоттық әндер шырқалған арнайы мерекелік концерт өткізілді. Бағалы сыйлықтар беріліп, солдат ботқасынан дәм таттырылды. Қабылдаудың ресми бөлігі аяқталған соң ардагерлер дәстүр бойынша Елшілік аумағында ағаш отырғызды.