Биыл 500 сынып ағылшынша оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 500 сынып ағылшынша оқиды

Биыл 500 сынып ағылшынша оқиды

1 қыркүйектен бастап 500-ден астам сынып ағылшынша оқытылады. Олар аталған экспериментке ерiктi түрде қатысқалы отыр. Бұл туралы ҚР Бiлi

  • 26 Шiлде 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

1 қыркүйектен бастап 500-ден астам сынып ағылшынша оқытылады. Олар аталған экспериментке ерiктi түрде қатысқалы отыр. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мектептердiң жоғары сыныптары мен ЖОО ағылшын тiлiне көшедi. Бұл бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру үшiн қажет. Биылғы жылы бiз ұстаздарды жаппай оқыта бастаймыз. 4 мыңға жуық мұғалiм курста бiлiм ала бастады. Қыркүйек айында тағы 8 мың мұғалiм тереңдетiлген курстар оқитын болады», — дедi министр.

Сағадиевтiң айтуынша, биылғы жылғы 1 қыркүйектен бастап 500-ден астам сынып эксперимент шеңберiнде ерiктi түрде ағылшын тiлiнде оқытуға көшпек. Бұған ата-аналарының жазбаша келiсiмi де бар екен.


«Бұл эксперимент өте маңызды. Бiз жыл бойы балаларды, ата-аналар мен ұстаздарды бақылап, мәлiметтер негiзiнде келесi жылы мұны барлығымыз қарастырып, талдайтын боламыз. Бiз үш тiлде бiлiм берудiң нақты кестесiн қабылдаймыз. Қазiрдiң өзiнде жағдай қуантарлық. Балалар қорықпайды, ата-аналар қолдайды, ал мұғалiмдер жақсы нәтиже көрсетiп келедi», — дедi Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар