еліміздің «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«2015-2016 жылдары жалдамалы үйлерді салуға және сатып алуға Ұлттық қордан 145 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 7 мыңнан астам пәтер салынып, сатып алынады. Бұл үшін республикалық бюджет қаржысын қоса алғанда 122 млрд. теңге бөлінген», — деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында жалпы аумағы 133 мың шаршы метр болатын 2437 пәтер таратылған.
«Ағымдағы жылдың маусым айында жалпы аумағы 21 мың шаршы метрді құрайтын кезекті 360 пәтерді бөлу басталды. Қазіргі уақытта 2015 жылы еліміз бойынша берілуі тиіс жалпы аумағы 200,9 мың шаршы метрді құрайтын 3280 жалдамалы пәтердің құрылысы жүргізілуде», — деді Е.Досаев.