Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

  • 27 Қаңтар 2022
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында бірінші вице-министр Шолпан Каринова айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады, — деді Шолпан Каринова.

Оның сөзінше, мұғалімдерге айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі (жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу). Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар