Биыл Астанада Мексика елшілігі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Астанада Мексика елшілігі ашылады

Биыл Астанада Мексика елшілігі ашылады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мексика Сенаты Халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронды қабылдады.

  • 23 Маусым 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz

Қ.Тоқаевтың пікірінше, мексикалық сенатордың сапары Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік үнқатысудың басталғанын көрсетеді.

Қазақстан Сенатының басшысы еліміздің қазіргі кездегі дамуы және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жоспары туралы айтты. Ол Еуразия экономикалық одағы және Латын Америкасындағы интеграциялық бірлестіктер қызметі тұрғысында Қазақстан мен Мексика сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға, сондай-ақ Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне мексикалық компанияларды шақырды.

Г.Куэвас Мексиканың Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін, оған биыл Астанада Мексика елшілігінің ашылатыны дәлел болатынын атап өтті. Ол екіжақты және халықаралық парламенттік форумдар аясындағы парламентаралық байланыстарды нығайту жайында да айтты. Өзінің Қазақстанға сапарынан алған әсері туралы айта келіп, мейман аймақтық дамудағы біздің еліміздің маңызды рөліне тоқталды, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуы жоғары деңгейде екеніне назар аударды.


Жүздесушілер сонымен қатар терроризм мен есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы да пікір алмасты.