Биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері президенттік «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері президенттік «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады

Биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері президенттік «Болашақ» бағдарламасына қатыса алады

Ағымдағы жылы БАҚ және мәдениет қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасына қатысуға өтініш білдіре алады, деп хабарлады Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) жанындағы «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығымето

  • 28 Ақпан 2014
  • 1928
Фото - Caravan.kz

«Бұл стипендияға биыл БАҚ және мәдениет қызметкерлері де қол жеткізе алады», — деді Ғ.Нығыметов.

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, ағылшын және қазақ тілін білуге қатысты талаптар күшейтілді. Осылайша ағылшын тілінен  IELTS емтиханында 9 ұпайдың кем дегенде 4,0 жинау қажет.

Сонымен қатар ол өткен жылдан бастап тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамына мемлекеттік қызметкерлермен бірге ғылыми-академиялық саланың мамандары да енгенін атап өтті.


«Болашақ» ХБО бағдарлама түлектерімен онлайн-алаңда қарым-қатынас орнатуды жүзеге асырып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр.

«Осы мақсатта мен және орталықтың өзге де өкілдері моноқалалар мен облыс орталықтарына барамыз. Сонымен қатар Астана, Алматы және Атырау қалаларында «Болашақ» түлектерінің 4 шағын форумын өткізу көзделген», — деді ХБО басшысы.