Биыл БҰҰ Бас хатшысы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жоспарын ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл БҰҰ Бас хатшысы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жоспарын ұсынады

Биыл БҰҰ Бас хатшысы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жоспарын ұсынады

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун биыл зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынады.

  • 25 Маусым 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің VI халықаралық кездесуінде айтты. 

«Биыл сәл кейінірек Бас Ассамблеяға зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынамын. Ол қатерді жоюға тырысатын жалпы қағидаттар негізінде халықаралық қауымдастықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін болады. Мен барлық әріптестер күш жұмылдыратынына сенемін», — деп атап өтті кіріспе сөзінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотов.
Пан Ги Мун трансұлттық террорлық топтың жаңа толқынын қамтитын қауіптен ешбір өңір сақтандырылмағанын атап өтті.