Жарияланды: 420

Биыл елімізде 30-дан астам жұқпалы ауру түрлерінің айтарлықтай төмендеген

Бір айдың ішінде елімізде 1 миллионға жуық адамға тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері Шалқынбай Жандосов бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерін жүзеге асыру бойынша көптарапты мемлекетаралық семинар кезінде айтты.

«Елімізде өткен 10 айдың ішінде 30-дан астам жұқпалы аурулардың төмендегенін көріп отырмыз. Оның ішінде - сары ауру, өткір ішек ауруымен ауыру сияқты түрлі сырқат түрлері бар. Бұған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында СЭС мамандарының жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып кешенді жұмыстар жүргізуі оң ықпалын тигізіп отыр», - дейді Ш.Жандосов. Шалқынбай Өтегенұлының айтуынша, мемлекет тарапынан оған жыл сайын 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен 1 қазаннан бері еліміздің түкпір-түкпірінде тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр ол 1,2 миллион адамға егілсе, биыл енді 1,3 миллион адамды қамту көзделіп отыр. Қазір 1 миллионға жуық адам егіліп болды», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін