Жарияланды: 510

Биыл елімізде магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандары 31 ЖОО базасында өтеді

Биыл елімізде магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандары 31 ЖОО базасында өтеді

Ұлттық тестілеу орталығынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура,

резидентура, адъюнктура және докторантурасына қабылдау кезінде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінен түсу емтихандары өткізілетін мерзім туралы хабарлады. 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі №478 «2015-2016 оқу жылында жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік, орыс және шетел тілдері бойынша қабылдау емтиханын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінен түсу емтихандары 2015 жылғы 12-15 тамызында 31 жоғары оқу орнының базасында өткізіледі», делінген хабарламада.

Тестілеуге 104 жоғары оқу орнының және 16 ғылыми ұйымның 34 207 үміткері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін