Биыл еліміздің жолдары бойында 14 медициналық-құтқару пункті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл еліміздің жолдары бойында 14 медициналық-құтқару пункті ашылады

Биыл еліміздің жолдары бойында 14 медициналық-құтқару пункті ашылады

Өткен жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса авариялық учаскелерінде 14 жол бойы медициналық-құтқару пункті салынды.

  • 15 Мамыр 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда республика бойынша тас жолдарда 26 медициналық-құтқару пункті бар. Аталмыш пункттердің бригадалары 2013 жылы және 2014 жылдың бірінші тоқсанында 903 рет шығып, зардап шеккен 2 680 адамға көмек көрсетті, 776 адам ауруханаға жатқызылды. Ағымдағы жылы тағы 14 жол пункті салынады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ТЖМ санитарлық авиациясын дамыту мақсатында 14 «ЕС-145» тікұшағы мен 2 «Ка-32» тікұшағы сатып алынды. Бұл республикадағы барлық облыс орталықтарын санитарлық авиациялық тікұшақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тікұшақтар еліміздің әр облыс орталығында тәулік бойы кезекшілікте тұрады. Осы жылдың І тоқсанында олар 141 рет ұшып, 127 сырқатты тасымалдаған. 26 адам дәрігер кеңесіне жүгінсе, 12 шұғыл ота жасалған, деп хабарлайды strategy2050.