Жарияланды: 510

Биыл Еуропа елдеріне қыс ерте түсті

Еуропа елдеріне биыл қыс ерте келді. Германияның кейбір жерлеріне 20 сантиметрге жуық қар түсіп қалған. Жергілікті синоптиктер бұрын-соңды бұл мезгілде дәл осындай қар жауған жоқ деп отыр. 

Қар қалың түскендіктен елдің әр өңірінде ірі жол апаттары тіркелуде. Сондай-ақ темір жол, әуе қатынасында да қиындықтар тіркелген. Ауа-райының мұндай құбылысына дайын болмағандықтан мамандар жолды, әуежайды қардан тазартып үлгермей қалған. Салдарынан ондаған халықаралық рейстер кешіктірілсе, ішкі рейстерге ұшуға мүлдем мүмкін болмай қалды. Ал Францияда қарлы бораннан 2 адам із-түссіз жоғалып кеткен. 50 мың адам жарықсыз отыр. Альп тауы маңында тіпті қардың қалыңдығы 50 см.-ге жетіпті. Ауа-райын болжаушылар елдің 6 өңірінде 3 тәулік бойы әлі де ызғарлы болады деп отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін