Тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Тас жолдың опырылуынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Майда (Мэйчжоу-Дабу) экспресс жолының бір бөлігінің опырылуынан болған апатты оқиғадан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

  • 2 Мамыр
  • 7
Фото: CCTV

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— 20 көлікке зақым келді. 30 адам ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — деп хабарлады жергілікті билік. 

Мэйчжоу қаласы үкіметінің хабарлауынша, қирау түнгі сағат 2:10 шамасында Мэйчжоу қаласындағы тас жолдың 184,3 шаршы метр аумақты алып жатқан бөлігінде болған.

Аэрофотосуреттер трассаның бір жағы опырылып, көліктердің төменге қарай құлағанын көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар