Биыл инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заң қабылданады - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заң қабылданады - Елбасы

Биыл инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заң қабылданады - Елбасы

Қазақстанда барынша қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастырылады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысында мәлім етт

  • 4 Мамыр 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz

Инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстар атқарылатынына тоқталған Елбасы: «Бұл тұрғыда елімізде барынша қолайлы инвестициялық жағдайды қалыптастыруға ниеттіміз. Осы мақсатта биылғы жылы инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заңды қабылдаймыз»,- деді.

Осы орайда Мемлекет басшысы инвесторларға бірқатар жеңілдікті шаралар қарастырылып отырғандығын жеткізді.


«Инвесторлармен жұмыс «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Инвестициялық омбудсмен» институты құрылады», — деп атап өтті Президент.