Биыл күріш өндірісі 12 млн тоннаға өседі - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл күріш өндірісі 12 млн тоннаға өседі - БҰҰ

Биыл күріш өндірісі 12 млн тоннаға өседі - БҰҰ

Алматы. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның азық-түліктік және ауылшаруашылығы ұйымының мәліметінше, күн райы қалыпты болған жағдайда ағымдағы жылы күріш өндірісі 12 млн тоннаға өсіп, 662 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 883
Фото - Caravan.kz

Ұйымның болжамына сәйкес, күріш өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өседі. Алайда, оған деген сұраныс бәрібір ұсыныстан артпақ.

Биыл халықаралық нарықта күріш саудасы 1,1 млн тоннаға азайып, 29,9 млн тоннаны құрайды. Бұл күріш экспорттаушы негізгі елдер Қытай, Үндістан, Египет және Вьетнам ішкі тұтынудың өсуіне байланысты оны шығаруды шектеуде.

Ағымдағы жылы әлемдік күріш бағасы 20%-ға өсті, алайда, сарапшылар Бразилия, Уругвай, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Таиланд пен Вьетнамдағы жоғары түсім бұл ағымды тоқтатады деп сенеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті