Жарияланды: 230

Биыл мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі 32 мың талапкерге бұйырмақ

Биыл  білім  грантының басым бөлігі қазақтілді түлектерге бұйырмақ. Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында 32 мың студент мемлекет есебінен оқу мүмкіндігіне ие болады. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-  Биыл ҰБТ жоғары деңгейде өтті. Нәтижелері былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Биыл конкурсқа қатысатын балалардың саны 67 мың. Олардың 78 пайызы  қазақ тілінде бітірген, 22 пайызы  орыс тілінде бітірген балалар. Осы 32 мың грант ішінде 78 пайызы қазақ бөлімдерге арналған.

Министр әр грантқа қазынадан қанша қаржы жұмсалатынын да айтты.  Олардың құны оқу орнының мәртебесіне байланысты екен. Мәселен, ұлттық университеттерде әр орын 600 мың, ал өзге жоғары оқу орындарында 300 мың теңге тұрады. Биылға  бөлінген  32 мың гранттың 12 мыңы-техникалық, 6 мыңы-педагогикалық, ал 2 жарым мыңы-ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі. Ал бұл гранттар еліміздегі 112 жоғары оқу орнының тек 60-на  ғана үлестірілмек. Үкімет  университеттерді  материалдық-техникалық және білім беру сапасына  қарай таңдапты. Биыл да мемлекеттік грант  ең алдымен «Алтын белгі» иегерлері,  халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен зияткерлік  мектептердің түлектеріне беріледі. Байқау қорытындысы екі күннен кейін баспасөз беттерінде жарияланады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін