«Мемлекет басшымыздың биыл күзде Сауд Арабиясы корольдігіне сапары жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік. Менің әріптесімнің біздің елге сапары Президенттің Сауд Арабиясына биыл күзде болатын сапарын ұйымдастыруға қатысты болып отыр», — деп атап өтті Е. Ыдырысов.
Өз кезегінде мәртебелі мейман ҚР Президентінің 2016 жылғы сапарын екі елдің өзара тиімді қарым-қатынастарын жоғары сапаға көтеретіндігін xабарлады.
«Қазақстан Президенті биыл күзде Корольдікке барады. Ол сапар біздің екіжақты байланыстарды тереңдетеді. Біз сапар кезінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын бірқатар келісімдерге қол қоямыз деп жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінде көтерген бастамаларын қолдаймыз», — деді Ә. әл-Джубейр.