Биыл Оралда мың орындық түрме ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Оралда мың орындық түрме ашылады

Биыл Оралда мың орындық түрме ашылады

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы бойынша жеке камералардан тұратын жаңа колониялар салынып жатыр.

  • 14 Наурыз 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.

«Биыл Оралда жеке камералардан тұратын мың орындық түрмені ашуды көздеп отырмыз», — деді ол жұма күні Астанада «Орталық Азияда жаңа қылмыстық-атқару заңдарын қалыптастыру: тенденциялар мен қауіп-қатерлер» атты аймақтық конференцияда.

Ж.Асанов осыдан екі ай бұрын Қызылордада осындай 900 орындық колония ашылғанын алға тартты.

Қазір Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр және оған 140 млн долларға жуық қаражат бөлінді, деп еске салды ол.


«Бұл қаржы жуық арада жеке камералардан тұратын 4500 орындық жаңа түрмелер салуға жұмсалады», — деді Ж.Асанов.