Жарияланды: 400

Биыл Павлодар облысында сыйымдылығы 25 мың тонналық жеті заманауи көкөніс қоймасы іске қосылады

Биылғы жылы Павлодар облысында сыйымдылығы 25,1 мың тонна болатын жеті заманауи және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген көкөніс қоймасы салынып, қайта жөндеуден өткізіледі,

деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов. Мұздатқын жабдықтары бар көкөніс қоймалары «Шарзен», «Догма» ЖШС-тері мен «Эльдар» шаруа қожалығында құрылады. Екі сақтау қоймасын жаңартқаннан кейін «Павлодар» әлеуметтік-дайындау орталығында мұздатқыш камералардың ауқымы 1,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін көбейеді. Барлығы облыс аумағында сыйымдылығы 101,4 мың тонналық 85 көкөніс қоймасы бар, олардың жартысынан көбі қазіргі заман талабына сай жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол жабдықтар картоп пен көкөністердің сапасын келесі өнімге дейін сақтай алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть