Биыл ПТР мен вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 27 іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл ПТР мен вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 27 іс қозғалды

Биыл ПТР мен вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 27 іс қозғалды

Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-сынамасы мен электрон вакцинация паспортын қолдан жасағандарға қатысты қылмыстық іс туралы айтты.

  • 2 Шiлде 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ВАК отырысында Қожаев полиция органдары ПТР-сынамасын қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс, ал вакцинация паспорттарын қолдан жасау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ішкі істер министрлігіне ПТР-сынама нәтижелерін және вакцинация паспортын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.