Жарияланды: 450

Биыл Қазақстанда сенаттың 16 депутаты қайта сайланатын болады

Биылғы жылы 19-тамызда парламент сенатына сайлау барысында осы палатаның 16 депутаты сайланатын болады, яғни, бүкіл 14 облыстан бір-бірден және Астана мен Алматы қалаларынан бір адамнан, деп хабарлады Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 16 -маусымда басталып, 19-шілдеге дейін созылады, кандидаттарды тіркеу 29 -шілдеге дейін жалғасады, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын кандидаттар 30-шілдеден бастап 17-тамыздың сағат 24-не дейін жүргізе алады, деді ол. Дауыс беру, есептеу, нәтижелерді жария ету шаруаларын аймақтық сайлау комиссиялары бір күнде -19-тамызда жүргізеді. Сенат депутаттарының өкілетті мерзімі 6 жыл. Жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат құрамында 47 депутат бар, оның 32-і республиканың 16 аумағынан сайлаушылардың жиналыстарында сайланады, тағы 15 сенаторды мемлекет басшысы тағайындайды. Сенат депутаттарын сайлау үшін биыл республикалық бюджеттен 142 млн теңге бөлінген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін