Биыл Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталады

Биыл Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталады

Ағымдағы жылы Қазақстанда жұмыссыздық еңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

  • 28 Маусым 2016
  • 429
Фото - Caravan.kz


Министрдің атап өтуінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы  — 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 167 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болып, жұмыс істеуге жәрдем алды.

«Барлық шаралардың еңбек нарығындағы ахуалға оң ықпалы бар. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысында жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталды», — деді ол.