"Бұл соңғы жыл. Бұл процеске қатысушыларға түгелдей ескертемін", деді ол.
Өз кезегінде көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев премьерге жуық арада Брюсселде бұл мәселенің талқыланғандығын айтты.
"Биыл Брюсселде министрлік Еурокомиссияның көлік бойынша жұмыс атқарып отырған өкілетті адамдарымен осы мәселелерді талқылады. Олардың айтуынша, қауіпсіздікті дамытуда елеулі ілгерлеушілік бар. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қызметкерлерінің, Азаматтық авиация комитетінің, әуе компанияларының күшімен "қара тізімнен" шығу міндетін шеше аламыз деп үміттенеміз", деді ол.
2009 жылы шілде айында жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аталмыш ұйым Air Astana-ны қоспағанда қазақстандық бүкіл 59 әуе компаниясын Еуроодақтың "қара тізіміне" енгізенген болатын. Әлі де басым отандық әуе компаниясы сол тізімде бар.