Биыл «ҚазМұнайГаз» үшін оңай жыл болмайды - С.Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл «ҚазМұнайГаз» үшін оңай жыл болмайды - С.Мыңбаев

Биыл «ҚазМұнайГаз» үшін оңай жыл болмайды - С.Мыңбаев

Биыл ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктелімі күрт артады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

  • 25 Ақпан 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz


Ағымдағы жыл компания үшін оңай болмайтындығын баса айтқан ол: «Өзіңіз білетіндей 2014 жылдың 1 қаңтарынан ресейлік мұнайды салықсыз жеткізудің тоқтатылуына байланысты ішкі нарыққа мұнай жеткізуде жүктелім күрт артып кетеді. Бұл теңгенің девальвацияға ұшырауы аясында ҚМГ-нің қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететіндігі сөзсіз», — деді.