Биыл ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады - БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады - БҒМ

Биыл ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады - БҒМ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы 2017 жылы толық өзгереді.

  • 13 Мамыр 2016
  • 619
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 092 бала, оның ішінде 83 330  қаза тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді", — деді ол.

Білім министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2004 жылдан бері 12 жылда ҰБТ-ны 1,5 млн. түлек тапсырды.