Биылдан бастап қазақстандықтар Мексикаға визаны елордадағы елшіліктен алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылдан бастап қазақстандықтар Мексикаға визаны елордадағы елшіліктен алады

Биылдан бастап қазақстандықтар Мексикаға визаны елордадағы елшіліктен алады

Биыл елордада Мексика елшілігі ашылады. Бұл Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік диалогтың басталуының белгісі болмақ.

  • 24 Маусым 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлайды.

Аталған қадам Еуразиялық экономикалық одақ пен Латын Америкасындағы интеграциялық бірігулер аясында Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.

Мексика Сенатының халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронның айтуынша, Мексика Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөледі, 2015 жылы Астанада Мексика елшілігінің ашылуы осыған дәлел.

Еске сала кетейік, бүгінде қазақстандықтар туристік виза алу үшін Мексиканың Мәскеудегі өкілдігінің қызметіне жүгінуге мәжбүр болып отыр. Елордада Мексика елшілігінің ашылуы ҚР азаматтарының визаны тікелей алуына мүмкіндік береді.