Бұл өткен жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 1,9% артық.
Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, 137,1 млрд теңгеге мал шаруашылығы өнімі, 2,6 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілген.
1-наурыздағы мәліметтерге сүйенсек, аталған уақытта ірі қара саны 2,9 пайыз артып, 6 млн 180 мың 400 басқа жеткен.
Ешкі саны 5 пайыз кеміп, 2 млн 487 мың басты, шошқа 13,8 пайыз кеміп, 993 мың 100 басты құраған.
Құс – 34,5 млн бас, жылқы – 1,7 млн бас, қой – 15,8 млн бас.