Биылғы талап: қазақстандықтар қажылық міндетін өтей алмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы талап: қазақстандықтар қажылық міндетін өтей алмауы мүмкін

Биылғы талап: қазақстандықтар қажылық міндетін өтей алмауы мүмкін

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады.

  • 27 Мамыр 2021
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы muftyat.kz-ке сілтемесі жасап хабарлайды.

Осы ретте әлемдегі пандемиялық жағдайдағы «Қажылық-2021» маусымындағы Саудия тарапының негізгі талаптарына назар аудару қажеттігін атап өтеміз:

— Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген.

— Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

— Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.

— Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек.


Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет.

Алайда «Қажылық-2021» маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр. Қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланады.

Соңғы жаңалықтар