«Біз барлығымыз, сайлаудың жетекші «Нұр Отан» партиясының толық және күмәнсіз жеңісімен аяқталғандығын мойындауға тиіспіз». Дауыс берудің қорытындысын мойындаумау, көптеген қазақстандықтардың пікірімен келіспеу дегенді білдіреді»,- деп мәлім етті М. Нәрікбаев сайлау қорытындысы бойынша Алматыда өткен брифингте.
Мақсұт Нәрікбаев партияның орталық кеңесінің төралқасы «дауыс беру қорытындысының жасанды екендігі жайлы көрсетілген» мәлімдеме таратқанын еске сала кетті. «Сайлау процессінде жекелеген заң бұзушылықтар болды, бірақ олар сайлаудың жалпы қорытындысына әсер ете алмайды»,- деп санайды партия төрағасының орынбасары.
Оның пайымдауынша, «Ақ жол» партиясының өткен сайлаудағы сәтсіздігінің басты себебі «партия халықтың басым бөлігіне бағдарламаның негізгі идеясын жеткізе алмағандығымен» қорытындыланады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жолдың» орталық кеңесі төалқасының дүйсенбіде таратқан мәлімдемесінде, партия мемлекет басшысына дауыс беру қорытындысын тексеру үшін арнайы комиссия құруды талап етіп жүгінгендігі туралы айтылған.
М.Нәрікбаевтің басшылығындағы «Әділет» партиясы парламент сайлауында «Ақ жолдың» құрамына кірген болатын.