"Бізде әйел адам өлсе, өздері тілдерімен тілеп алған, өздері жүргіш": Айгүл Орынбек жәбірленушілерді кінәлайтындарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізде әйел адам өлсе, өздері тілдерімен тілеп алған, өздері жүргіш": Айгүл Орынбек жәбірленушілерді кінәлайтындарға жауап берді

"Бізде әйел адам өлсе, өздері тілдерімен тілеп алған, өздері жүргіш": Айгүл Орынбек жәбірленушілерді кінәлайтындарға жауап берді

Заңгер Айгүл Орынбек зәбір көрсе де, таяқ жесе де, қайтыс болса да жәбірленушінің өзін кінәлайтын жандарға жауап берді.

  • 12 Қараша 2023
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тек әйелдерді кінәлайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз!

Еркек бір саты жоғары олардың жауапкершілігі де жоғары болу керек емес пе?

Былтыр бір емес екі әйелдің өліміне қатысты істерге қатыстым.

Екі істе әйелдерді кінәлап, тергеу еркекті ақтау бағытында жүргізілген еді.

Қайтқан қыздардың аналары әділдік іздеп маған келген соң ғана, әлеуметтік желіге қайта-қайта жазып жүріп, БАҚ өкілдері арласқан соң ғана тергеу дұрыс бағытта жүре бастады.

Тіпті неке түнінде әйелін өлтірген жігіт “қызды өзі құлап өліп қалды”, деп қашып жүрген.

Қыздың қасында болған құрбы қызы да өзі зорлық көрсе де, ештеңе көрмегендей, өтірік куәлік етіп, істі бұрмалануына көмек берген. Президентке үндеу айтқан соң ғана , бостандықта талтаңдап жүрген байдың баласын, бір ақ күнде ұстап тұтқындалды.

Қайта тағайындалған комиссиялық сараптама қортындысы арқылы ғана қыздың ауыр соққыдан қаза болғанын дәлелдей алдық.

Ал екінші істе “состояние аффекта” бір емес бірнеше рет пышақтап өлтіруге оқталған адамды жәй ғана денесіне зақым келтірген деген баппен іс ашып еркекті жеңіл жазамен шығарғысы келді.

Жалғыз қызынан айрылған отбасының жан айқайын тағы да ел алдына шығарып, жария еткеннен кейін ғана әділдікке жеттік.

Бізде әйел адам өлсе жәй ғана мал өлгендей қарайды.

Өздері тілдерімен тілеп алған, өздері жүргіш, өздері құтырған, жаза берсең бәріне әйел кінәлі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық істерінде жүрген заңгер ретінде айтарым, бүгін міне қайтадан марқұм Салтанатты қаралау, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті.

Тіпті Салтанатты “жүргіш”, “нейролептиктер” ішеді.

Дәрілерді алкагольмен араластырып ішіп, ресторан ішінде тіпті жалаңаш жүріпті, деп Салтанаттың моральдық образын былғағысы келіп жатқан белгілі журналистердің жазбасын оқып отырмын.

Ақшаға қызығып, қолдарың қышып Бишімбаевты ақтап алғыларың келіп жатыр ма?!

Бұл ауыр тіпті ақтауға келмейтін ҚЫЛМЫС!

Бұндай қылмыстар жазасыз қалмау керек!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев!

Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты нақты шешім қабылдауыңызды сұраймын!", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Соңғы жаңалықтар