Біздің кино қырғыз киносынан да әлсіз бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біздің кино қырғыз киносынан да әлсіз бе?

Біздің кино қырғыз киносынан да әлсіз бе?

Қазіргі таңда әртүрлі Қазақстандық фильмдер шығып жатыр. Отандық режиссерлер комедия жанрындағы фильмдер қарша боратып жатса да, біздің кино Америка түгілі қырғыздардың көлеңкесінде қалып қойып жатыр.

  • 16 Қазан 2018
  • 68
Фото - Caravan.kz

Қырғыздардың “Сәлем Нью Йорк”, “Анамды іздеймін” сынды туындыларын бүкіл ТМД елдері көріп, көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Ал біздің, қазақстандық фильмдер ше? Біздің фильмдер өзге елдерде неге танымалдыққа ие емес?

Бұл сұраққа қазақстандық және қырғызстандық режиссерлер жауап берді.

Талғат Теменова, режиссер: Отандық режиссерлердің ішінде қазақ тілінде кітап оқитындары саусақпен санарлық. Көпшілік режиссерлер ұлттық әдебиетті білмейді, ешқашан естіп көрмеген. Өз тілін білмейтін адамнан, өз ата-дәстүрін білмейтін адамнан не сұрайсың? Сондықтан да олардың түсіріп жатқандары танымалға ие болмайды. Ол режиссерлер анадан-мынадан құрастырып соны “фильм” — деп түсіріп жүр.

Жадыра Оңғарбаева, жас режиссер: Өйткені қырғызстандықтар өте талантты ұлт, оған қоса бизнесмендер болсын басқалары болсын отандық киноның дамуы үшін барын салады. Ал бізде киноның өзін таныс тамырлары бар жандар түсіреді, сондықтан кәсіби маман болмағандық фильм шикі болып шығады.

Геннадий Базаров, қырғызстандық режиссер:
Мен қырғызстандық режиссер болғаннан кейін сіздердің фильмдеріңізді біле бермеймін. Дегенмен кезіндегі кеңес заманындағы фильмдер нағыз шедевр болды. Ал қырғызстандық фильмдерден  “Сәлем Нью Йорк” пен “Биртуганчик” фильмі көңілімнен шықты. Жалпы фильмдердің сәтті шығуы режиссерге байланысты ғой. Ал қазіргі режиссерлер оқуды бітіреді де, кино түсіре салады. Ал біз кезінде түсірілімнен, түсірілімде жүріп тәжірбие алып әрі оқып жүріп те тәжірбие алғанбыз. Тәжірбиесі жоқ режиссер шикі фильмдер ғана түсіреді.

Соңғы жаңалықтар