Жарияланды: 920

Бизнес үйретпекші болған Ұлдана Ерқасымқызы екі баланың анасының 700 мың теңгесін алып, өзін ұрып, қорқытып, қамап тастаған

Бизнес үйретпекші болған Ұлдана Ерқасымқызы екі баланың анасының 700 мың теңгесін алып, өзін ұрып, қорқытып, қамап тастаған

Стамбулда бизнес үйретіп жүрген Ұлдана Ерқасымқызы бойжеткен қыздың 700 000 теңгесін алған, бұл жақтағы ісінің бәрі өтірік болғанына қарсы шыққан Ақгүл Мұратқызын ұрып-соғып, қорқытып бөлмеге қамап тастаған.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түркияға барып алданып, тентіреп қалған қазақ қыздарына заңгер Айгүл Орынбек көмек сұрап, дабыл қағып жатыр. Сол жақта оқитын студент қыз бүгін таңғы сағат бестен бері " Стамбулмен бизнес" деген топпен барған қыздарға араша сұрайды.

Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі мынау жырақта жылап жүрген қыздарымызға араша болыңыздар. Қоқан-лоққы көрсету басталыпты.

Хатты қаз-қалпында жариялаймын:

Мен Түркияда магистратура оқып жатқан едім, бүгін мына қыз көмек сұраған соң барғанбыз жәрдем етуге, Ұлдана Ерқасымқызы " Ыстамбұлмен бизнес" деп 700 000 (жеті жүз мың ) теңгемен адамдар әкелген, бұл жақта бәрі өтірік болған, соған қарсы шыққан мына қызды (Ақгүл Мұратқызын) ұрып, қорқытып комнатаға қамап тастаған, тіпті соткасына дейін тартып бір күн бойы бермей қойыпты. Енді қорқытқан, ештеңе жаза да, істей де алмайсың деп, не ақшасын қайтармай, не ештеңеде үйретпей. Бұл жақта олай алданып қалған қазақтар өте көп, соған сізден көмек керек. Бұл қыз бұл жақтағы сауда туралы бәрін ашық айтып берем дейді", - деп жазды Жазира Бегалы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін