"Біз кеше түсте келіп қоныстандық. Түні бойы жер сілкінісі болды, қатарынан алты жеті рет қайталанды. Түріктер мен европалықтар байбаламға салынды, ал бізбен бірге барған алматылықтар өздерін еркін ұстады, жер сілкінісне үйреніп қалған болуы керек. Негізінде Түркияда 3-4 жыл сайын жер сілкінісі болып тұрады екен. Түнді жағажайда өткізуге тура келді: ұйықтадық, қонақ үй әкімшілігі жарады, бізге жылы көрпешелер беріп, шәй берді. Барлығы жағажайдағы шезлонгтарды ұйықтады", — деді Бодрумда демалып жатқан алматылық қыз Зарина Әбденова.
Оның айтуынша, ғимараттар құлаған жоқ. Қонақ үйдің сылағы түсіп қалған, алайда қатты бүлінбеген.
Еске салайық, Түркияның оңтүстік батысында кем дегенде сегіз жерасты дүмпуі тіркелді. Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталық (EMSC) өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллға жеткен. Бодрум қаласының 70-тен аса тұрғыны медициналық көмекке жүгінген.