“Бойы 20 см кішкентай, ажырасып кетесіңдер” Ерекше жұп Гүлзат пен Ғалым сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бойы 20 см кішкентай, ажырасып кетесіңдер” Ерекше жұп Гүлзат пен Ғалым сұхбат берді

“Бойы 20 см кішкентай, ажырасып кетесіңдер” Ерекше жұп Гүлзат пен Ғалым сұхбат берді

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған ерекше жұп Гүлзат пен Ғалымжан Ләйлә Сұлтанқызымен тікелей эфирде сұхбаттасты.

  • 10 Ақпан 2022
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Әйелдің бақыты саусақ не мұрынның қисықтығы, болмаса бойдың аласалығына байланысты ЕМЕС!!!

Желіде тараған әдеміжұп Ғалымжанның бойы 138 см, Гүлзаттың бойы 158 см. Жарының бойын сынға алып, Гүлзатқа жаман пікірлер жазып жекесіне шығып жатқандар да жетерлік. Жастар бір-бірін жақсы көрсе, бақытым деп бағаласа бойда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Жас жұбайлар екі күн бұрын алғаш рет сұхбат беріп, отбасылық өмірімен бөлісті.

Толық тамашалаймын десеңіз, эфир IG TV-де сақтаулы тұр.",-деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздерге жазылған сын пікірлерді көргенде қандай күйде боласыздар?! 
 Мен бұрындары қатты мән беріп, көңілге алып қалатынмын. Қазір бұрынғыдан өзгергенмін. Басқа жігіт құрып қалды ма, ертең өкінесің мен айтты дейсің. Бекер тидің дейтіндер өте көп тіпті әлі күнге дейін. Аузына келгенін жаза салатындар да бар. Менің ең қатты қынжылатыным жазған пікірлердің көбісі үлкен адамдар,- деді Гүлзат.

Ал Ғалымжан керісінше жазған пікірлерді оқымайтын көрінеді.


-Мен білемін елдер не жазатынын, сол себепті оқымаймын. Оқысамда мән бермеймін. Гүлзатқа айтып отырамын қайтесің, басыңды қатырма, оларға жауап берме. Босқа жүйкең құриды деп. Ондай жазатын адамдар өмірде өз орнын таппағандар. Және үйінде ерігіп отыратындар. Бастысы солай бізге керексіз сын жазатындардың жүрегінде иманы жоқ деп білемін,- дейді Ғалымжан.

-Гүлзат хайп үшін Ғалымжанға тиді деп айтады. Неліктен?!

— Білмеймін не себепті олай айтатындарын. Хайп үшін тиетін болсам, қыз бен жігіт болып жүргенде сурет, видео жүктейтін едім гой. Ал біз үйленген соң жүктедік. Негізі оның алдында инстаграмға салғанда олай көп пікірлер жазбайтын. Қалай Тикток желісіне салдық солай видео қатты таралып кетті,- деді Гүлзат.

https://www.instagram.com/tv/CZwAU7YKc-r/?utm_medium=copy_link