Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов финалда жеңіліп, күміс жүлде иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов финалда жеңіліп, күміс жүлде иеленді

Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов финалда жеңіліп, күміс жүлде иеленді

Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

  • 7 Қараша 2021
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда Теміржанов (57 келі) америкалық 18 жастағы Джамал Харвимен қолғап түйістірді. Бес төреші де бұл кездесуде жеңісті америкалыққа берді. Осылайша, Теміржанов әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Серік жартылай финалда кубалық Освель Кабальерродан басым түскен. Оның алдында моңғолиялық Энх-Амар Хархууды, жапониялық Рейто Тсутсумиді, үндістандық Рохит Морды, ресейлік Эдуард Савинді жеңген болатын.

Бұл — Қазақстан құрамасының Белградтағы әлем чемпионатында алған екінші күміс медалі. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.


Соңғы жаңалықтар