Жарияланды: 770

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасындағы жанжал: Сәрсекбаев Артаевқа үндеу жолдады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасындағы жанжал: Сәрсекбаев Артаевқа үндеу жолдады

Бокстан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылғы Олимпиада жеңімпазы, қазіргі Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевқа үндеу жасады,

деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бокстан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылғы Олимпиада жеңімпазы, қазіргі Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевқа үндеу жасады,

"Лукасқа жаным ашыды, оның беделін түсіруге және мазақ етуге тырысып жатыр. Маратбек Мықтыбеков пен Бақтияр Артаев жағдайды түсінбей, тым көп жауапкершілікті өз мойнына алды. ҚБФ бұл жағдайды мұндай абсурдқа жеткізбей шеше алар еді. Бірақ олай жасамады. Менің үндеуімді видеодан тыңдаңыздар", - деп жазды Сәрсекбаев өзінің Instagram парақшасында.

"Әйелдер боксында сөзбен осындақ “жекпе-жек” болып жатыр екен. Бақтияр Артаев саған Назым Қызайбайды дайындауыңды ұсынамын, мен Ангелина Лукасты жаттықтырамын. Сосын кім жеңетінін көреміз", - деді Сәрсекбаев.

Еске салайық, екі боксшының арасындағы дау Ангелина Лукастың Қазақстан чемпионатында Назым Қызайбайдан жеңіліп қалғанынан, кейіннен Токио олимпиадасына жолдама ала алмай қалғанынан басталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін