Бокстан спорт шебері «көрші келіншектен таяқ жедім» деп сотқа шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан спорт шебері «көрші келіншектен таяқ жедім» деп сотқа шағымданды

Бокстан спорт шебері «көрші келіншектен таяқ жедім» деп сотқа шағымданды

Ақтөбеде бокстан спорт шебері көрші келіншектен таяқ жедім деп сотқа шағымданды. Ол арызында екі күрек тісім сынып, аяқ-қолым көгерді деп көрсеткен. Ал былғары қолғап шеберінен тайынбаған келіншек болса керсінше өзі жәбір көргенін айтып ақталуда. Бұл іс қалалық сотта қаралып, қос тарапты да кінәлі деп тауыпты. Бірақ шешіммен келіспегендер енді облыстық сотта дауласып жатыр.

  • 21 Қараша 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бокстан спорт шебері Бақтығали Имашов келіншектен «таяқ жедім» деп арызданғанда көршілері жағаларын ұстапты. Себебі әлсіз әйелдің апталдай азаматтың қос күрек тісін сындыруға қалай күші жетті деп таңданысқан. Ал Лилия Мұқасова өзі жәбір көргенін айтып отыр. Үйге кіреберісте араққа сылқия тойып алған боксшы оған жұдырық ала жүгірген.

Лилия Мұқасова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Еңгезердей еркекке менің қалай әлім келсін? Керсінше мені түйгіштеп жатқанда ұлы әкесін алып кетті. Сорақысы сол мен таяқ жеймін де, ақыры мен кінәлі болып шығамын.

Екеуі десол күні бірден қалалық сотқа шағым түсірген. Ең қызығы судья қос тараптың да көңілін қалдырмай Лилия Мұқасоваға боксшыны ұрды деп 103 мың теңге айыппұл салған. Ал спорт шеберін көршісін балағаттады деп 15 күнге абақтыға қамапты. Енді қайсысының кінәлі екенін білмей аңтарылған олар облыстық сотта дауласып жатыр. Куәгер ретінде тартылған өзге көршілерінің айтуынша, былғары қолғап шеберінің арақ ішіп, ауладағыларға әңгіртаяқ ойнатқан кезі көп екен.


Татьяна Драбовская, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Лилияның ұруы мүмкін емес. Керсінше көрші тұратын біздер зәбір көріп жүрміз. Терезесінен шығып алып боқтап, мазамызды алады. Менде оны сотқа беріп абақтыға жаптырғам.

Сотқа Бақтығали Имашовтың өзі келмей, оның құқын адвокаты қорғауда. Тілдеспек болғанымызда тіпті пәтерінің есігін де ашпады.

Бұл оқиғаның желісімен комедиялық сериал түсіруге болады дейді куәгерлер. Себебі, іс қалалық сотта қаралғанда оқиғаны көрдім-білдім дегендердің барлығы жазалы болып шыққан. Біріне сот боксшы жауап берген кезде күлгені үшін бес мың теңге айыппұл салса, спортшының балағат сөзіне шыдай алмаған тағы бірінің мойнына дәл осындай сомма ілген. Енді облыстық сот қайсысының кінәлі екенін анықтап бермейтін болса, қос тарап та Жоғары сотқа дейн шағымданымыз деп отыр.