Болашақ станциясында үй өртеніп қос сәби қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақ станциясында үй өртеніп  қос сәби  қаза тапты

Болашақ станциясында үй өртеніп қос сәби қаза тапты

Маңғыстау облысында өрт 2 баланың өмірін жалмады. Оқиға Болашақ станциясында болған. Отқа оранған үйден сәбилер сыртқа шығарылғанымен, ажалдан арашалап қала алмады.

  • 18 Наурыз 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz


Балалардың бірі екі жаста, екіншісі әлі жасқа да толмаған. Оңбай күйіп қалған олар жақын маңдағы Жаңаөзен ауруханасына тепловозбен жеткізілген екен. Бірақ балалардың бірі жолда, екіншісі ауруханада жан тапсырды. Ал, ауыр күйік жарақатын алған аналары қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиғаға құбырдан шыққан газ себеп болған.