«Болашақ» стипендиаттарының дені олигархтардың немесе шенді-шекпенділердің балалары деп айту қисынсыз - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» стипендиаттарының дені олигархтардың немесе шенді-шекпенділердің балалары деп айту қисынсыз - зерттеу

«Болашақ» стипендиаттарының дені олигархтардың немесе шенді-шекпенділердің балалары деп айту қисынсыз - зерттеу

«Болашақ» стипендиаттарының дені олигархтардың немесе шенді-шекпенділердің балалары деп айту қисынсыз. Бұл туралы бүгін елордада «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалау» атты зерттеу нәтижесінің қорытындысы мен ғылыми монография жобасын таныстыру барысында "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы Нұрбек Саясат мәлiм еттi.  

  • 5 Қараша 2013
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Қоғам арасында «Болашақ» бағдарламасына негізінен байдың, жоғары лауазымды тұлғалардың балалары оқиды деген қате түсінік қалыптасқан. Зерттеуде анықталғанындай, «Болашақ» стипендиаттарының 38 пайызы әке-шешелері шағын және орта бизнестегі адамдар. Яғни дүңгіршектері, шағын бизнестері бар жеке кәсіпкерлер, ЖШС басшылары. 35 пайызының ата-аналары мемлекеттік қызметкерлер. Негізінен олар: дәрігерлер, ұстаздар. Ата-аналары жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтығандар санатына жататындар — 8 пайыз, зейнеткерлер — 14 пайыз, әке-шешелері жоқтар — 2 пайыз. Осыған қарап-ақ, стипендиаттардың дені олигархтардың немесе шенді-шекпенділердің балалары деп айту қисынсыз екендігін көруге болады. Демек, «Болашақ» бағдарламасына әлеуметтік санаттары әр түрлі, қалың бұқара топтарының кез келген өкілі түсе алады», — дейді Н.Саясат.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін бағалау» атты зерттеу жүргізді. Зерттеуге 1338 респондент, 46 сарапшы, 100-ден астам жұмыс беруші тартылды. Онда түлектердің 91 %-ы «Болашақ» стипендиясы ауыл жастары мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін «әлеуметтік жеделсаты» ретінде тиімді болды деп санайтындықтарын айтқан. Ал 93 пайызы «Болашақ» бағдарламасына қатысу және оның ашықтық жағдайы әділетті деп есептейді.