“Болашақта күнделікті киіп жүретін боламын” Жігер Ауыпбаев қазақша киімге қатысты ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Болашақта күнделікті киіп жүретін боламын” Жігер Ауыпбаев қазақша киімге қатысты ойын айтты

“Болашақта күнделікті киіп жүретін боламын” Жігер Ауыпбаев қазақша киімге қатысты ойын айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев инстаграм парақшасында қазақша киімді күнделікті киіп жүруге қатысты пікірін айтты.

  • 16 Наурыз 2022
  • 251
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жігер Ауыпбаев желіде оқырмандарына сұрақ-жауап айдарын өткізді.

— Қазақша оюы бар киімдерді күнделікті киіп жүруге қалай қарайсыз?

 Өте жақсы қараймын. Болашақта күнделікті киіп жүруді қолға алатын боламын. Бұйырса. Не деген керемет, тамаша біздің ұлттық киімдеріміз.

— Өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

— Бүкіл әлемді жаратқан Раббыңды шынайы танып, құлшылық қылуда деп ойлаймын. Бұл екі өмірдің де мәні.


— Бұл өмірде не қымбат?

 Қант қымбат қой. (ойнап айтам) Мен үшін аз да болса жақсымен өткізген уақыт қымбат.

Жақында ғана әнші Мекке-Мәдина қаласына барып құлшылық жасап, сапар шегіп келген болатын.

Соңғы жаңалықтар