Жарияланды: 280

«Болды, мырзалар, тынышталыңыздар»: Божко ақыры зейнетке шықты

«Болды, мырзалар, тынышталыңыздар»: Божко ақыры зейнетке шықты

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко зейнетке шықты. Бұл туралы ол Халықтар ассамблеясы кулуарында айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kznews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады 

«Бітті, рахмет. Facebook желісіне де жариялап қойдым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Бір адам мені үнемі зейнетке шығарғысы келіп еді. Мен кеттім. Болашақта не істейтінімді білмеймін. Алайда менің 7 немерем бар, айналысатын ісім бар», — деді Божко.

Божко президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге алғыс айтты.

«Себебі менің жасымда… Ең бастысы — мен бұл жерде үлкен тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығармашылық процесте болдым, бірақ бұл жерде барлығына қажет теңдесіз тәжірибе жинақтадым. Ол маған барлық жағынан керек болады», — деді Божко.

Депутат 2019-2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейткен көптеген Заң қабылданғанын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін