"Боқтаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Боқтаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді

"Боқтаса да қашыңдар": Меруерт Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді

Қашан да қоғамдағы даулы мәселелерге қатысты өз ойын айтудан қалыс қалмайтын Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдеріне ақыл айтты.

  • 14 Наурыз
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қайда қарасаң да — жапа шеккенден сорлы айелдер…. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! “Болашақ “стипендиясын алып , шетелде оқыған , көзі ашық , көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді отыр, ештеңе көрмедім , ештеңе білмедім деп…. Қыздар!! Ұрмақ түгілі, боқтап жіберсе де — бітті, уносите ноги !! Қашыңдар!! Адам өзгермейді!! Аяқтарыңа жығылып , құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да ! Қашу керек!! Әйтпесе тым кеш болады!!", — деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі әншінің бұл ойымен келісетінін жазуда.

"Дұрыс айтасыз", "Таяқ жейтін, бірақ өз басын қорғай алмайтын әйелдер көп", "Сізбен толықтай келісемін", "Қазақ әйелі өлгенше шыдай береді, қорлап бітті ғой", — деп жазды олар. 

Соңғы жаңалықтар