"Борат 2" фильміне қатысты наразылық нотасы жолданды ма: СІМ түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Борат 2" фильміне қатысты наразылық нотасы жолданды ма: СІМ түсініктеме берді

"Борат 2" фильміне қатысты наразылық нотасы жолданды ма: СІМ түсініктеме берді

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсінікте берді

  • 25 Қазан 2020
  • 100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Борат-2 фильмі — коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ.

Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ.

Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді.


Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы», -делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар