Бораттың Қазақстан журналистерінің қатарына қосылу арманы орындалмады
![]() |
Борат есімді жас жігіт Қазақстан журналистерінің қатарына қосылуды армандаған. |
Бірақ Қарақалпақстанның тумасы Борат Жандаулетов атышулы фильм шыққаннан кейін, журналист мамандығына оқып жүрген жоғары оқу орнын тастап кетуге мәжбүр болды.
Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Вернемся к нашим Боратам» (авторы - Рүстем Омаров ) атты мақалады жазылды.
- Кейде, аталмыш британдық күлдіргі соңымнан қуалап жүргендей түс көремін, - дейді жігіт. - Ол әйелдердің суға шомылғанда киетін киімін киіп, жағалау бойынша артымнан жүгіреді, суық терге түсіп оянып кетемін. Ал кей кездері мен оны түсімде қылқындырып жатамын.
Бозтірсек балада атышулы фильм шықпай тұрып бәрі жақсы болған. Оның сүйіктісі болған, ол журналист немесе жазушы болуды армандаған, тіпті суреттер мен репортаждарды әзірлеуге кірісіп те кеткен. Алайда барлығы бір-ақ күннің ішінде өзгеріп шыға келді.
- Мен бастапқыда бұл кинотунды жайлы аз ғана естігенім болды, тіпті келеке етіп, осындай да ұқсастық болады екен деп ойладым, - дейді Борат. - Кейін бұл туындының «атағы» күннен күнге арта бастады. Бір күндері оқуға келсем, мені барлығы келеке етіп, саусақтарымен көрсете бастады. Сөйтіп мен семестрдің аяқталғанын да күтпедім, университеттен бір-ақ қаштым. Қазіргі уақытта оның атын да есіме алғым келмейді.
Оның үстіне жас жігітті сүйікті қызы да тастап кеткен. Ол Борат есімді жігітпен бірге жүре алмайтындығын айтқан.
- Бұл Қазақстанда өте сирек кездесетін есім - дейді ол. - Дегенмен, мен ғаламторда ондаған Боратпен достастым. Олардың үшеуі ингуштар болса, төртеуі қарақалпақтар. Олар да бұл комедияның өмірлеріне кері әсерін тигізгендігін айтуда. Кейде мен бұл әзілқой өзіне басқа есім неге таңдамады екен деп ойлаймын.
Не дегенмен, бірнеше жыл өткеннен кейін Борат не болса да барлығы жақсылыққа жасалатындығын айтуда - ол басқа қызды жолықтырды, техникалық колледжді бітіріп, мұнай компаниясында жұмыс істейді. Ал есімін ауыстыруды ойластырмайды да.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін