Бортында Эстония президенті болған Lufthansa ұшағы Берлинге шұғыл қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бортында Эстония президенті болған Lufthansa ұшағы Берлинге шұғыл қонды

Бортында Эстония президенті болған Lufthansa ұшағы Берлинге шұғыл қонды

Lufthansa неміс әуе компаниясының ұшағы ұшқыштар кабинасының шынысындағы жарықшақ салдарынан берлиндік Тегель әуежайында шұғыл қонды, деп хабарлайды ТАСС.

  • 19 Қараша 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

А320 әуе кемесі Майндағы Франкфурт-Таллин бағдары бойынша ұшқан. Оның бортында 155 жолаушы болған. Ұшқыштар шыныдағы жарықшақты көргеннен кейін апат белгісін беріп, бағытын өзгертіп, ұшақты Берлинге бағыттады.


Әуе кемесінің бортында Эстония басшысы Тоомас Хендрик Ильвес пен президент кеңсесінің қызметкерлері болған.