Борышкер автокөлік иелерін ұстау айлығының барысында айыппұлдар бойынша 580 млн теңгенің қарызы өтелді - ҚР Жоғарғы соты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Борышкер автокөлік иелерін ұстау айлығының барысында айыппұлдар бойынша 580 млн теңгенің қарызы өтелді - ҚР Жоғарғы соты

Борышкер автокөлік иелерін ұстау айлығының барысында айыппұлдар бойынша 580 млн теңгенің қарызы өтелді - ҚР Жоғарғы соты

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атқару өндірісі бойынша іздеуде жүрген борышкер автокөлік иелерін ұстау айлығының барысында айыппұлдар бойынша 580 млн теңгенің қарызы өтелді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеев бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Шiлде 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Елімізде заң бұзушылықтар үшін жүктелген айыппұлдарды төлеуден бас тартатын санасыз жүргізуші көп, осыған байланысты біз аталған айлық жұмысты өткізуге мәжбүр болдық», — деді И. Елекеев.

«Республика бойынша айлық барысында өтелген берешектің жалпы көлемі 579 млн 331, 6 мың теңге, соның ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша өтелген берешек 76 млн 618,5 мың теңгеге тең», — деді төраға.

Науқан басталған сәтте сот үкімін орындаушының қаулысы бойынша іздеуде болған автокөліктер саны 6328 болса, науқан кезінде 2708 осындай автокөлік құралы табылып, айыппұл тұрағына өткізілді.

«Айлық уақытында еліміз бойынша сот өндірісі аяқталған істер саны 3180 болса, оның 2379-ы әкімшілік айыппұлдар бойынша», -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті