Борышкерлер тағы шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Борышкерлер тағы шу шығарды

Борышкерлер тағы шу шығарды

Бүгін ипотекалық несие алып, арты жыр болған жұрт Ұлттық банк алдында шу шығарды. Тек арыздарын Қайрат Келімбетовтің қолына тапсырамыз дегендер күзетшілерден әріге өте алған жоқ. Ал түстен кейін тілшілермен жүздескен бас банкир арызданушылардың талаптары ақылға қонымсыз екенін ескертті. Пайыздық үстемелердің неге өскенін түсіндіріп әлек болды. Елдің аузынан түспеген 20 мың теңгелік валютаның қайда құрып кеткенін де айтты.

  • 4 Ақпан 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz

Тілшілерге тиісе тіл қатып, қағыта сөйлеуге тырысатын Марченко кеткелі Ұлттық банктің іші де сырты да құлаққа ұрған танадай тыныш еді. Тек бүгін белшеден қарызға батқан топ бас банктің алдын торуылдады таң алакеуімнен. Басты мақсаттары бас банкирмен бетпе бет жүздесіп арыз-шағымдарын тапсыру. Заманында ипотекалық несие алып, артынан төлей алмай қалған ел баспанасына қаржы ұйымдары қол салмасын дейді.

Сұлубике Жақсылықова, борышкер:

— Осы жалғыз баспананы қорғау үшін заңды қол қойылсын басқа талап жоқ. Сол кезде банктер пайызын да, пениясында тоқтатады. Борышкерлермен жұмыс істеп олар қарыздарын қайтаруға шамалары келгенше талаптанады.

Түстен кейін тілшілерді жинаған Қайрат Келімбетовке сұрақ қарша борады. Бастыларына жауап беруге тырысты бас банкир. Яки, несие пайызы расында қарыштап кеткен, жуырда төмендетілмек. Бағамы құлдыраған теңгені де тұрақтандыруға тырысамыз деді. Ал түске дейін Келімбетовке кірмек боп арманда кеткен адамдарға айтары мынау.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:


-Егер несие қарызы үшін елдің соңғы баспаналарын тартып алмау туралы заң қабылданса онда банктер кімдерге несие береді?! Ипотекалық бағдарламаларын қалай жүзеге асырады? Жұрт өз шамаларын пәтерді ипотекаға алғанда ойлау керек. Ол түбінде бәрібір банкке қайтарылатын қаражат.

Несиесін қайтара алмай түбінде Ұлттық банктің табалдырығын сағалайтындардан мезі болған Келімбетов бастаған команда. Сондықтан жуырда өзге қаржы ұйымдарымен бірігіп, жұрттың қаржылық сауатын ашатын орталықта іске қосылуы мүмкін екенін ескертті.

-Бас банкир таза есепшінің тілімен бастаған баяндамасын жарты сағат оқыды. Қисапсыз қаржылық ақпараттар, қарапайым қараша ұғып болмайтын пайыздар. Соңғы сұрақ әбден жауыр болған 20 мың теңгелік валютаның қайда құрып кеткені болды. Қазынадан 2,4 миллиард теңге жұмсалған валюта басылып шыққан екен, бірақ Ұлттық банк оны айналымға жіберу-жібермеу туралы шешімді әлі қабылдай алмай дал.