Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдермен салыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдермен салыстырды

Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдермен салыстырды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдердегі бағамен салыстырды.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz


Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы мұнай өнімдері саудасының жағдайы тұрақты екенін және жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайтынын жеткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының орташа құны — 154,8 теңге. Елімізде дизель отынының бір литрі — 193,2 теңге. 10 желтоқсанда мұнай базаларында жанар-жағармай материалдарының қоры ішкі саудадағы сұранысты қамтамасыз ету әбден мүмкіндігі бар екенін көрсетті: бензин қоры АИ-92 — 267,5 мың тонна, дизель отыны — 143,2 мың тонна. Салыстыру үшін: Ресей Федерациясында бензин бағасы — 230,5 теңге, Өзбекстанда — 273 теңге, Қырғызстанда — 234 теңге. Дизель отыны Ресейде — 246,5 теңге, Қырғызстанда — 250,8 теңге, Өзбекстанда — 208 теңге", — деді министр үкімет отырысында. Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев Қазақстанда отын бағасы көтерілмесі үшін Қазақстаннан уақытша дизель отынын шығармау заңнама аясында жасалып, Еуразиялық экономикалық одақтың келісімдеріне зиян келтірмейтінін айтады.
.

Соңғы жаңалықтар