Үш адамнан құрылған топ, облыс аймағында кәсіпкерлікпен айналысатындарды қанатының астына алу үшін бопсалаумен айналысқан «, — деп хабарлады полициядағылар.
Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша қылмыстық топтың мүшелері 2007 жылдың 7 мамыр айынан БҚО Теректі ауданының бір тұрғынын қорқытып, жер учаскесін тартып алмақшы болған.
Полицияның жүргізген арнайы операциясы кезінде Оралдың екі тұрғыны мен Ресейдің Волгоград облысының тұрғыны ұсталды. Қылмыстық топтың бір мүшесінен 8 оғы бар 9 мм калибрлі тапаншасының оқтізері және ұнтақты заты бар орам тәркіленді.
Полицияда атап өткеніндей, «бүгінде бұлардың басқа қылмыстарға қатысының бары анықталып, дәлелдік негіздерін бекіту шаралары жүргізілуде».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті