Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.
— Әкімшілікке келіп, кіре алмай тұрмын. Арнайы ауылдан келіп, ауылдағы газ, су және жол мәселелері бойынша келіп едім. Тіркелу қағазын беріп қойды, бірақ кіре алмай тұрмын. Сағат таңғы 9-да келіп едім, міне түс болып қалды әлі күтіп тұрмын. Маған әкімнің тек 5,10 минуты ғана керек болды. Талон беріп қойып, әлі кіргізбей тұр, — деді Құрманғали Тәжімұқанбетов.
Ақсақалдың сұхбат беру барысында әкімшіліктен облыс әкімнің баспасөз хатшысы шығып, видеоға түсірмеуді сұрады. Ол зейнеткерді тыңдап, мәселерді шешетінін айтты. Кейін ол басылым редакциясына хабарласып, зейнеткерді кешке қабылдағанын айтты.
— Негізі әкімге кірудің өз ережелері бар. Дегенмен Алтай Сейдірұлы алыстан келген ақсақалды қабылдады. Жыл басынан бері облыс әкімі 280 адамды қабылдады. Ал ашық «әкімшілік акциясы» бойынша 500-ге жуық адам онымен жүздесе алды. Қазір ақсақалдың айтқаны мәселелрі бойынша түрлі тапсырмалар берілді, — деді Дәурен Сәкен.